Астанада полиция айыппұл төлеуден қашып жүргендерді тура жол бойынан ұстады

Өйткені бір ғана Астанада жол ережесін бұзғандарға салынған айыппұлдың көлемі 800 миллион теңгеден асқан. Бірақ, ереже бұзғандар қарызын төлеуден қашып жүр екен. Берешегі барларды бүгін полиция тура жол бойынан ұстауға мәжбүр болды. Бір қызығы қарызын төлемей қашатындардың көбі қымбат көлікті тақымдағандар. Алайда, алатаяқтылар әй-шәйға қарамаймыз деп отыр. Егер айыппұлын төлемесе, көлігі тәркіленеді. Шошып қалғандары берешегін сол бойда төлеп жатты.

- Мен ақша төлеймін.

- Қазір төлеңіз.

- Жоқ, мен жалақымды алған жоқпын ғой.

- Олай болса, көлікті тәркілейміз.

- Жо,жоқ, қазір төлеймін.... 

Loading...