Астанада полицияның іздеуінде жүрген бір адам граната жарықшақтарынан жарақаттанып ауруханаға түсті

Астана қалалық ІІББ-нан KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, 9-шілде күні 2 сағат 27 минутта Сарыарқа ауданында жарылыс болғаны туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына келген тәртіп сақшыларының жасағы зардап шеккен еркекті тауып алды. Граната жарықшақтарынан жарақаттанған ол Астана қалалық 1-ауруханаға жатқызылды.

Қазір белгілі болғанындай, жаралы жігіт 1968-жылы Қостанайда туған. Оның айтуынша, Астанаға келгелі 5 күн болған. Қолдан жасалған граната оның өзінікі болып шыққан. Сондай-ақ, жігітті Қостанай облыстық ІІБ 1998-жылдан бері іздестіріп жатқаны анықталды.