Метрополиттің пікірінше, Астанада бүгінге дейін бір ғана ескі шіркеу - бұрынғы казактардың храмы ғана жұмыс істеп келгендіктен, жаңа православиелік собор салу қажет. "Бұл шіркеуге қазір 150 жыл болды. Ғимараты ескі әрі тар",- деді ол.
Жаңа шіркеуді салу үшін шешілмей тұрған жалғыз нәрсе - құрылысқа арналған жер мәселесі болмақ. "Қалалық сәулет қызметі бізге не қала сыртынан, не болмаса қала аудандарының біріндегі көп қабатты тұрғын үйлер маңынан жер ұсынып отыр",- деді шіркеу дінбасы.
Оның айтуынша, қалалық билік пен шіркеу өкілдері қазір өзара пәтуалы шешімді іздестіруде. Метрополиттің айтуынша, Астанадағы шіркеу құрылысы таяу уақыттарда қолға алынады.