"Президенттің мәдени орталығының базасында Қазақстанның жаңа тарихының мұражайын құру қажет. Жобаны ағымдағы жылы жүзеге асыруға кірісу керек", -деді министр.
Астанадағы президенттің мәдени орталығы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2001 жылы құрылған. Орталыққа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұражайы мен С.Сейфуллин атындағы республикалық бұқаралық кітапханасының қоры берілді.