Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі таратқан баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, конференцияның басты мақсаты - республиканың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуын қорытындылау, сондай-ақ, стратегияны одан әрі жүзеге асыру аясында мейлінше тиімді даму жолдарын таңдау жөнінде нұсқаулар дайындауға саяды.
Шара Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін жалпы отырыспен ашылады. Шара бағдарламасы аясында ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамды топтастыру, экономикалық өсім, денсаулық, білім беру және Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты, энергетикалық ресурстар, инфрақұрылым, транспорт және байланыс, кәсіби мемлекет секілді тақырыптармен өтетін сессиялық отырыстар межеленген.
Сонымен бірге, конференция аясында ірі шетелдік және отандық бизнес-құрылымдардың қатысуымен "Қазақстанның кластерлік бастамасы" атты бизнес-форум өткізу межеленген.
Конференцияға 1300-ден астам адам қатысады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті