Астанада президенттің қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

Отырыста Қазақстанның ағымдағы жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қаралады.

Индустриялық-инновациялық дамыту стратегиясының аясындағы еліміздің даму қорытындылары және тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның барысы жайында үкімет басшысы Даниал Ахметов баяндама жасауда.
Ал қаржы министрі Арман Дунаев 10 айдағы мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы баяндама жасайды.