"Біз 60 -тай мекемені тексеруге қамтыдық. Профилактикалық-емдеу мекемелеріндегі заң бұзушылық деректері бойынша 42 айыппұл салынды. Кейбір басшылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды",- деді М.Жүсіпова.
Оның айтуынша, айыппұл салуға "санитарлық сипаттағы заң бұзушылықтар мен дезинфекциялық-стерилизациялық режимдерді бұзу" себеп болған. "Өкінішке орай, біздегі медициналық аспаптардың бір бөлігі әлі де көп мәрте пайдаланылатындықтан ерекше режимді талап етеді. Заң бұзушылықтар көбінесе осы режимдерді бұзуға байланысты",- деді ол.
М.Жүсіпованың айтуынша, Астанада 161 емдеу мекемесі бар, олардың 60-ы мемлекеттік.
М.Жүсіпованың айтуынша, "Оңтүстік Қазақстан облысындағы жағдайға байланысты қан құю орталығы мен операциялар мен екпелер жасайтын көп бағытты емдеу мекемелеріне жасалатын эпидемиялық қадағалау шаралары күшейтілді". Оның айтуынша, Астанадағы қан құю орталығында барлық донорларға қатысты мәліметтер қоры жинақталған, "ВИЧ індетін жұқтырғандар, құрт ауруына шалдыққандар мен бруцеллезбен ауырғандар туралы ақпарат күн сайын келіп түседі". М.Жүсіпованың айтуынша, ағымдағы жылдың алғашқы жартысында "қан тапсыруға 18 мың адам ниет білдірген, бірақ, 15 мың адамға ғана рұқсат берілді. Басқаша айтқанда жұқпалы ауруларға жүргізілген түрлі зерттеулер қорытындысы бойынша 3 мың адам донорлар қатарынан шығарылды",- деді ол.