Астанада прокурорлар тамақтану орындарын жоспарсыз тексермек

Десек те, прокуратураның қолы қысқа. Мораторий аяқталса да, шағын және орта бизнесті зардап шегушілерден шағым түспей тексеруге қақы жоқ екен. Осыны сапалы қызметтен бұрын табысты көбірек ойлайтын қу бизнесмендер ұтымды пайдалануда. СЭС-тің де азық-түлікті сынамадан өткізуден басқа, дәрмені жоқ. Сондықтан, Елордалық прокурорлар мінез көрсеткендей болғанымен, тексерістің заңға қайшы екенін мойындап отыр. Айта кетсек, тек соңғы екі айдың өзінде мақтаулы Астанада 136 адам астан ұшынып аурухана төсегіне таңылды. Күні кеше, Халықаралық үздіксіз білім беру колледжінің 70 студенті мен мұғалімі «Оливье» салатынан ұшынып бір ажалдан аман қалған болатын. 

Loading...