Кітаптың таныстырылымы Чили Республикасының Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының бастамасымен ұйымдастырылды. Б.Рүстемовтың «Күрес пен Жеңіс» кітабы Латын Америкасы елдерінің халқына арналды және туынды Куба Республикасының қазақстандағы Елшілігімен мақұлданды.
Кезінде, Кубаның Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Тересита Капоте Камачо Б.Рүстемовке қазақстандық оқырманға Латын Америкасының белгілі тұлғасы, кубаның ұлттық батыры Хосе Марти туралы айтып беруді өтінген болатын. Осы идея нәтижесінде 2008 жылы орыс тілінде «Бороться и побеждать» атты кітап шықты.
Кітап қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының оң бағасына ие болды. Бұдан кейін шығарма авторына туындыны қазақ тілінде жазу туралы ұсыныстар түсе бастады. Ақырында, қазақ тілді оқырмандар үшін Латын Американың тарихын, мәдениетін, әдебиетін, сондай-ақ оның мемлекеттік, саяси және қоғамдық қайраткерлерін, елдің ұлы ұлдары мен қыздары туралы баян еткен «Күрес пен Жеңіс» атты кітап дүниеге келді.
Куба Республикасының Қазақстандағы Елшісі Абелардо Фабио Эрнандес Феррер, кітап авторын кезінде Американы ашқан Христофор Колумбпен теңестірді. Себебі Б.Рүстемов ғаламшардың батыс бөлігін қазақстандықтарға ғана емес, бүтін түркі тілді халыққа таныстырды.
Б.Рүстемовтың кітабы орыс тілінде бір том болып шықса, қазақ тілді нұсқасы - үш томдық.