Астанада Қала күнін мерекелеу аясында жедел шахмат және блиц бойынша әлем чемпионаты өтеді

Республикамыз мұндай әлемдек ауқымдағы жарыстарды екінші рет өткізбек, бұл ФИДЕ Халықаралық шахмат федерациясы тарапының сенімін көрсетеді.

Жартылай финал 2-4 шілде аралығында «Думан» қонақүйінде болады. Ақтық мәре 6-10 шілде аралығында «Radisson» қонақ-үйінде өз мәресіне жетеді.

Жартылай финалға әлемнің түкпір-түкпірінен келетін 200-ден астам шахматшы қатысады деп күтілуде. Жарыстың ақтық мәре кезеңіне жедел шахмат және блиц бойынша әлем чемпионының мәртебесін иемдену мәртебесін алуға 16 ойыншыдан қатысады - 11 халықаралық гроссмейстер, жартылай финалдың 3 жеңімпазы мен Қазақстанның ең күшті деген 2 өкілі бақ сынайды деп жоспарлануда.