Астанада қаланы көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау айлығы аяқталып келеді

Бұл туралы қалалық мекемелер мен қызметтердің басшыларының қатысуымен өткен жедел кеңесте Астана әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Е. Қожағапановтың атап өтуінше, бір ай ішінде заңсыз төгілген қоқыстар жойылып, жасыл желектер отырғызу аяқталған.

Аумақты тазалау бойынша жүргізілген екі сенбілікке 120 мыңға жуық адам қатысқан. Жалпы алаңы 185 мың шаршы метр саябақтар мен гүлзарлар тазаланған. Экологиялық айлық аясында 4,6 мың ағаштар отырғызылып, 600 мың шаршы метр газон тазартылған.

Ерлан Қожағапановтың ақпараттарына сүйенсек, өткен сенбіде жаңбырға қарамастан, жалпықалалық сенбілікке қаланың 167 білім беру мекемелерінен 20 мыңға жуық оқушы қатысқан.

Экологиялық айлыққа 2517 қалалық кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің ұжымдары қатысқан.

Айлықты Республика күніне орай аяқтау межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті