Астанада қараша айында тұтыну бағалары еліміздегі көрсеткіштерден төмен болды - Астана әкімінің орынбасары

"Астанада бірсыпыра кешендік шаралар өткізу нәтижесінде тұтыну бағалары мен қызмет көрсету индексі қазан айында 102,1% құрады. Бұл басқа аймақтармен салыстырғанда төменгі көрсеткіштердің бірі болды. Қарашада ол 102,6% жетіп, республика көрсеткіштерімен салыстырғанда төмендеді. Ал Қазақстан бойынша 5-8 орын аралығында орын алды", - деп хабарлады Б. Смағұлов.

"Біз Ақмола облысымен бірлесе отырып, тұрақты түрде апталық азық-түлік жәрмеңкелерін өткізіп тұрдық. Оған Ақмола облысының 7 ауданынан 100 ауыл шаруашылық өнім шығарусы қатысты", - деп толықтырды ол.

Қала әкімі орынбасарының сөздері бойынша, "жәрмеңкеде бір өнімнің құны нарықтағы бағадан 20 - 30% төмен болғандықтан, ол жалпы нарықтағы бағаға әсерін тигізді".

"Астанада алыпсатарлардың қолдан жасалатын тауар тапшылығын алдын алу үшін, арнайы сауда ұйымы құрылып, оған тұрақты азық-түлік қорын толықтырып отыру үшін қаржы бөлінді. Іс жүзінде бүгінде барлық өнімдердің бір айлық қоры жасалды", - деп атап өтті Б. Смағұлов.