"Біз Еуроодақ елдері мен Қазақстанның энергетика саласындағы ынтымақтастыққа қатысты мүдделерін бір арнаға тоғыстыру мақсатын көздейміз. Біз Еуропа нарығында Қазақстанның мұнайы мен газының ауқымы арта түскенін қалаймыз. Ол үшін өнім өндіруші - тасымалдаушы- тұтынушы тізбегін дұрыс жолға қою керек",- деді А.Меер.
"Біз Баку процессі атауына ие болған шара барысында осы мақсатты көздей жұмыс істеп жатырмыз. Бұл кездесулердің түпкілікті нәтижесінде энергетикалық ынтымақтастық жөніндегі қорытынды құжатқа қол қойылады. Оған энергетика министрлері Астанада 30-қарашада өтетін кездсу кезінде қол қояды",- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті