Астанада «Қарсы тексеріс» көркем фильмінің премьерасы өтеді

«Қарсы тексеріс» - мемлекеттік қызметшілер - Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті қызметкерлерінің өмірі мен қызметін көрсететін қазіргі кездегі оқиғаларды суреттейді.

Фильмнің таныстырылымы рәсіміне Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев, Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай, «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ермек Аманшаев, сондай-ақ басты рөлдерді орындаушылар Самат Исембаев, Азамат Сатыбалды, Бауыржан Әлпейісов және Яна Борыка қатысады.

Көрсетілім 2012 жылғы 19 наурызда сағат 17.30-да «Керуен» сауда ойын-сауық орталығындағы «Кинопарк» кинотеатрында, № 7 залда өтеді. Есеп комитетінің төрағасы фильм басталар алдында сұхбат береді.