Оның хабарлауынша, департамент жыл басынан бері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің "Тұтынушыларды алдау" және "Интеллектуалдық меншік құқығын бұзу" баптары бойынша 20-ға жуық қылмыстық іс қозғаған.
Атап айтқада, "DVD - дискілерін дайындап, оларды сататын жасырын цех табылды", деді Абзал Кәрімов.
"Ұсталғандар 2006 жылдың қазан айынан бері жекеменшік үйде компьютер, жеті DVD көшіру құрылғысын, түрлі-түсті принтер мен сканерді пайдаланып контрафакт өнімдер дайындап, оны қаланың орталық базарында сатумен айналысып келген",- деп түісндірді Абзал Кәрімов. Ол сондай-ақ "ұсталғандар DVD - өнімдерін Бішкектен алғандығын" айтып өтті.
Ұсталғандардан жалпы сомасы 230 мың теңгені құрайтын әртүрлі атауы бар 460 дана DVD-өнімін тауып, тіркілеген. Жалпы "құқық иесіне келген шығын, жүргізілген тексеруге сәйкес, 1,4 млн теңгені құрап отыр",- деп хабарлады экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің бастығы.
"Аталмыш дерек бойынша Қазақстан Республикасының 184-бабының 3-тармағы бойынша (интеллектуалдық меншік құқығын бұзу) қылмыстық іс қозғалды. Сот қылмыстық істі қарап, ұсталған азаматты шартты түрде екі жыл бас бостандығынан айыру үкімін шығарды",- деп қорытындылады Абзал Кәрімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті