Астанада қаржы полициясы заңсыз кәсіпкерлігі үшін шетел азаматының үстінен қылмыстық іс қозғады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-тармағының "б" тармақшасы бойынша (аса ірі мөлшердегі табыс табумен ұштастырған заңсыз кәсіпкерлік) қылмыстық іс қозғалды.

"Шетел азаматы лицензиясы жоқ бола тұра, үлеспен қатысу туралы шартқа отыру арқылы үлескерлердің ақшасын тарту арқылы тұрғын үйлер салуға бағытталған кәсіпкерлік қызметпен айналысып, 11 млн 50 мың теңгенің пайдасын тапқан", -деп хабарлайды қаржы полициясы.