Астананың прокуратурасына жергілікті кәсіпкерлердің бірі қаржы полициясы тарапынан жүргізіліп жатқан тексерудің заңдылығынын анықтауды өтініп, жүгінген. Себебі полицейлер оның бес компьютерін тәркілеген.
Прокурорлық тексеру барысында аталмыш дерек расталды. Астананың Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің қызметкерлері жеке кәсіпкердің бес процессорын тәркілеп алған. Сөйте тұра, тексеріліп жатқан кәсіпкерге қатысты құжет қаржы полициясында болмаған. Қазақстан Республикасының "Жеке кәсіпкерлік туралы" заңының 38-бабына сәйкес тексеру тексеру оны тағайындау туралы акт негізінде жүзеге асырылуға тиіс, ал ол құқықтық статистика органының аумақтық басқармасында міндетті түрде тіркелуге тиіс.
Кәсіпкерді тексеру туралы ұйғарым 2007 жыдың 23 шілдесінде шыққан, бірақ ол салық органына және де қаржы полициясының мүлдем басқа қызметкеріне тапсырылған.
"Анықталған заң бұзушылық жедел қызметкерлердің өз қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау салдарынан, сондай-ақ департаменттің тиісті бөлімше басшылары тарапынан қажетті мекемелік бақылау қойылмауының салдарынан болып отыр",- деп хабарлады прокуратурадағылар. Осыған байланысты қаланың қаржы полициясы бастығының атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті