Астанада қатты аяздан мектептердегі сабақ тоқтатылды

Астана қалалық білім беру департаменті қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, "сынап бағанасының күрт төмендеуіне байланысты бүгін таңертең барлық жалпы білім беру мектептерінде 1-9 сыныптар үшін сабақ тоқтатылды".

Бүгін түнде Астанада сынап бағанасы минус 30 градусқа дейін төмендеді. 10 қаңтардағы жағдаймен сағат 9-да Елордасында ауа температурасы 28 градус аязды көрсетті.