Астанада "Қауіпсіз жол" шарасы өткізіліп жатыр

«Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы аясында Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің полицейлері жол қозғалыс ережелерінің өрескел бұзушылықтарын анықтауға және оны әшкере етуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу шарасын жүргізуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.

Мәселен, аталмыш шараның бір күнінде полицейлер жол қозғалыс ережесінің 738 бұзушылығы анықтады, оның ішінде жылдамдықты арттыру – 61, қауіпсіздік белдігін тақпау – 75, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кету – 27, мас күйінде көлік жүргізу – 7, көлік жүргізу кезінде ұялы телефонмен сөйлесу -46. Белгіленген жерде жолды кесіп өткені үшін 86 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Онымен бірге көлік ұйымының өкілдері полицейлермен ЖҚЕ-нің бұзушылықтарын анықтау бойынша шаралар күшейтілді. Шара аясында жолдарда патрульді полиция көбейтілді, Астана қ. ІІД  аппараты жол қозғалысын бақылауды күшейтті.