Астанада қауын-қарбыз тегін таратылады деген ақпарат теріс болып шықты


Естеріңізге сала кетсек, жуырда БАҚ және әлеуметтік желілерде Астанадағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндері 40 тонна қауын-қарбызды тегін таратудан басталады деген жалған ақпарат таралған, деп жазады қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.  

ОҚО күндері Астанада 29 тамызда басталып, 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Ауқымды іс-шара ЭКСПО-2017 аясында ұйымдастырылған. Бағдарламада «Қазыналы Оңтүстік» қолөнер шеберлерінің көрмесі, концерттер, анимациялық және көркем фильмдердің көрсетілімі күтілуде. Қойылымдарды Ж. Шанин атындағы облыстық академиялық театр, облыстық орыс драма театры, сатира және әзіл-оспақ театры, қуыршақ театры және  «Оңтүстік-цирк» әртістері қояды.