Астанада қазандықтың жарылысы салдарынан бір ер адам қаза тапты

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астанада 14 қаңтарда 10 сағат 30 минутта дәмхана орынжайына жапсарлас салынған ғимаратта қолдан жасалған сулы қазандығы бар пешті жаққан кезде қазандық жарылды. Соның салдарынан қазандықтың 40 жастағы жұмысшысы қаза тапты. Оқыс оқиғаның зардаптарын жоюға Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің 2 адамы мен 1 техникасы; ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 8 адамы мен 1 техникасы; ҚР ТЖМ "ЦРАОСО" МБ-ның 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.