Астанада «Қазақ елі» алаңы үстінен 70-тен астам авиациялық техника ұшып өтеді

Бұл туралы бүгін Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Астана мен Қарағанды әуе базаларында ұшу құрамы жаттығу ұшу элементтерін пысықтайды. Кәсіби шеберлік, тәртіпке ерекше көңіл бөлінеді.

Қазіргі кезде біз жұппен ұшуды пысықтаудамыз. Ұшқыштарымыздың дайындығы жоғары деңгейде, олар шеберліктерін үнемі шыңдап отырады. Олар мемлекеттік маңызды тапсырманы үздік орындайды деп есептеймін, дейді авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов.

Парад өтетін күні Астанада «Қазақ елі» алаңы үстінен 70-тен астам авиациялық техника ұшып өтеді.


Әскери парад Астанада 7 мамырда өтеді.