Ақпарат бойынша, Әзербайжан тарапынан форумға құрылыс, өндіріс, азық-түлік саудасы, инженерлік жабдық, ішімдіксіз өнім және басқа салалардан 40 астам компания қатысады. Қазақстан жағынан мемлекттік орган өкілдері,"Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ , даму институттары мен республиканың іскер ортасының өкілдері қатысады.
"Аталған шараны ұйымдастырудағы басты мақсат сауда экономикалық ынтымақтастық мәселелрін талқылау, бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігін қарастыру, ортақ кәсіпкерлік және коммерциялық қызметтерді дамыту жөнінде пікір алмасу",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
ҚР статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметіне сәйкес, Қазақстан мен Әзербайжанның арасындағы тауар айналымы 2006 жылдың қаңтар қыркүйек айларында 147,7млн.$ құраса, Қазақстан экспортының үлесі 91,7 млн. $, импорты- 56 млн.$ құраған.
Қазақстан Әзербайжанға мұнай және көмірсутектер,табиғи химиялық қоспалар, астық,сұлы,шылым өнімдерін,көміртекті мырыш және электр жабдықтарын экспортқа шығарады. Ал, Әзербайжаннан Қазақстанға битум материалдарынан шыққан мұнай өнімдері, этилен полимері, насостар мен сұйықтық көтергіштер, құрама құрылыс конструкциялары импортталады.
Қазақстанда әзербайжандық кәсіпкерлердің қатысуымен 36 шағын кәсіпорын, оның ішінде 13 бірлескен кәсіпорын тіркелген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті