Конгреске қатысушылар елімізде шағын және орта бизнесті дамыту проблемаларын талқыламақшы. Форум аясында кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық "Атамекен" одағының көрмесі өтеді.
Бүгін кешке Интер-Континенталь қонақ үйінің залында "Шағын кәсіпкерлікті дамыту саласындағы 2005-жылғы жетістіктері үшін" байқауының жеңімпаздарын ресми марапаттау шарасы өтеді.