Астанада Қазақстан халқы ассамблеясынан мәжіліс депутаттығына сайлауға дауыс беру өтіп жатыр

Сайлау ассамблеяның 341 мүшесі қатысып отырған 13-ші сессиясы аясында өтіп жатыр. Тоғыз депутатты сайлау құпия дауыс беру жолымен өтеді.

Сессияны ашқан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, негізгі екі мәселе - ассамблеядан депутат сайлау және ассамблеяның жаңа конституциялық мәртебесіндегі бірінші кезектегі перспективті міндеттері қаралатындығын еске сала кетті. "Біздің жұмыстарымыз жемісті болады деп сенемін",- деп қорытындылады президент.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан халқы ассамблеясынан келесі үміткерлер ұсынылған: Мұрат Ахмадиев (ұлты ұйғыр), Валерия Виниченко (украин), Егор Капель (неміс), Раиса Полищук (орыс), Леонид Питаленко (белорус), Қайрат Садуақсов (қазақ), Рузакул Қалмуратова (өзбек), Людмила Хачиева (болгар), Виктор Цой (кәріс).