"26-27 мамырда ҚР СІМ-нің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев пен Латвия экономика министрі Каспарс Герхардстың төрағалығымен экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан -Латвия үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы өтеді", - деді Е. Ашықбаев.
Оның айтуынша, үкіметаралық комиссияның жұмысы барысында "тараптар сауда, электр қуаты, көлік, маман дайындау, денсаулық сақтау, машина жасау, ауылшаруашылығы салаларындағы ынтымақтатсыққа қатысты кең көлемді мәселелер топтамасын талқылайды".