Астанада Қазақстан мен Грузия Сыртқы істер министрліктерінің бірлескен консультациялары өтеді

Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.

Оның айтуынша, отандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Аманкелді Жұмабаев, ал қонақтарды - Сыртқы істер министрінің орынбасары Николоз Вашакидзе басқаратын болады.

«Аталған консультациялар аясында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара ықпалдастықты талқылау жоспарлануда», - дейді ол.