Инвестицияларға ықпал жасау жөніндегі "Қазинвест" орталығы мен Корея өнеркәсіпшілері федерациясының арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуы - форум аясындағы басты оқиғалардың бірі болмақ. "2004-жылдың басынан бері Қытай, Сауд Арабиясы және Шанхай ынтымақтастық ұйымының іскерлік өкілдерінің қатысуымен осындай үш ұйым құрылды",- деп хабарлайды "Қазинвест" орталығының баспасөз қызметінен.
Бизнес-форум шеңберінде сондай-ақ, Қазақстан Республикасының электрондық үкіметін құру жобасын дамыту үшін "Самсунг" корпорациясы мен "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қою көзделген.
Халықаралық кездесуге екі ел кәсіпорындарынан жүзден астам өкілдер қатысады.