"17 - 19 ақпанда Қырғызстан Республикасының сыртқы істер министрі Эднан Қарабаевтың Қазақстанға ресми сапары басталады. Сапар барысында Қазақстан мен Қырғызстанның өткен жылдың 25-26 сәуір айында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бішкекке ресми сапарының қорытындысы бойынша құрылған сыртқы істер министрлері кеңесінің екінші отырысы өткізіледі", -деп хабарлады Е. Ашықбаев.
СІМК екінші отырысында екі жақты қатынастардың сауда-экономикалық, су-энергетикалық, мәдени гуманитарлық салалары бойынша мәселелері талқыланады.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының СІМК ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің өткен жылы қараша айында Бішкекке барған ресми сапары барысында өткізілді.