Астанада Қазақстан мен Қытайдың ең үздiк кикбоксшылары жекпе-жекке шығады

"Қазақстанда кикбоксинг - танымал спорт түрі. Кикбоксингпен 4 мыңнан аса адам мен 115 бапкер айналысады. Қазақстан мен Қытай командаларының өзара кездесуi екі елдің спорт саласындағы өзара тығыз қарым-қатынастарды бекiте түседі", - дейдi ҚР Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi төрағасының орынбасары Сәрсен Құранбек.

Оның айтуынша, дода барысында жанкүйерлер керемет шоуға куә болады. Осы спорттық шара аясында елордаға арнайы шаолинь мектебiнiң шеберi Лью Люн келген.

Бейнетаспаға жазылған жекпе-жектер кейiн «KazSport» пен «Хэнань ТВ» телеарналарында көрсетiлмек.

Ел намысын әлемдiк турнирлердiң жүлдегерлерi Ерсайын Қасамбаев, Бабыр Артықбаев, Шыңғысхан Тiлемiсов, Қанағат Нұрғалиев, Артур Саурбаев, Мерген Бiләлов пен Асхат Жантұрсынов қорғайтын болады.


Қытай командасы да кiлең мықтыларды алып келiп отыр. Олардың қатарында халықаралық жарыстардың бiрнеше дүркiн жеңiмпаздары да бар.

Айта кетейiк, аталмыш жолдастық кездесудi ҚР Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi мен "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ ұйымдастырды.

Сайыс сағат 19:00 басталады, кiру тегiн.