Оның айтуынша, ғалымдар форумының басты мақсаты - Астанадан 10 шақырымда орналасқан Бузок атты ежелгі қаланың салынған жылын анықтау. Қазақстандық ғалымдар бұл қаланы 1999-жылдан бері зерттеуде. Бес жылға созылған қазба жұмыстарының нәтижесінде ғалымдар қаланың іргетасы Х-ХІІ ғасырларда бекініс-қала түрінде қаланып, Далалық жібек жолы бойындағы әскери ставка ролін атқарған деген тұжырым жасады. Зерттеушілер Бузок қаласы Астананың ізашары деп санайды.
Елордалық археологтар қазір Бузок қаласын ашық аспан астындағы тарихи-археологиялық ескерткіш-мұражай ретінде құруды көздеп отыр. М.Хабдуллинаның айтуынша, Астананың 2005-жылғы бюджетінде Бузок қаласы - ескерткіш-мұражайын құрудың техника-экономикалық негіздемесін жасауға қаржы қарастырылған.