Шара барысында мемлекет басшысы университет мұражайымен, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің баспасының ақпараттық кітап саудасы орталығымен, дәріс аудиторияларымен танысты. Н. Назарбаев сонымен бірге, ислам экономикасы мен құқығы орталығы және еуропалық құқық орталығының кабинетімен танысты.
Қазақ гуманитарлық-заңгерлік университетінің жаңа оқу корпусының ғимаратының құрылысы 2006 жылы басталған, жобаның құны 4 млрд 300 млн теңге. Бұл корпуста 5 мың студентке есептелген 400 астам аудитория бар.