Екі спикердің кездесуі Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің Қазақстан Республикасы парламенті сенатындағы күндеріне орайластырылған шаралар бағдарламасындағы алғашқы шара.
Бұған дейін де хабарлағанымыздай, РФ Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің төрағасы Сергей Мироновтың еліміздегі ресми сапары 14-желтоқсанға дейін созылады.
Қазақстандық және Ресейлік парламентшілер екі жақты ынтымақтастықты қорытындылап, экономика, әлеуметтік даму, шекаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.
Сапар барысында Федерация Кеңесінің төрағасы ҚР парламенті сенатының депутаттары алдында сөз сөйлеп, "Қазақстан мен Ресейдің индустриалдық-инновациялық саясаты: заңнамалық қамтамасыз ету және оны жүзеге асыру ерекшеліктері мен біртұтастығы" тақырыбы бойынша парламентаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысып, Федерация Кеңесіне арналған кітап және фотокөрмесінің ашылу салтанатына қатысады.
Сондай-ақ С.Миронов ҚР көлік және коммуникация министрі Қажымұрат Нағманов, ҚР қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев,тармен кездесіп, "ҚазМұнайГаз" ҰК", "Қазақстан даму банкі" ЖАҚ мен "Бәйтерек" кешенінде болады.