Caravan Logo

Астанада "Қазақстан Республикасындағы кедейлік деңгейіне жасалған мониторинг индикаторы" атты статистикалық жинақтың тұсаукесері жасалды

Астанада "Қазақстан Республикасындағы кедейлік деңгейіне жасалған мониторинг индикаторы" атты статистикалық жинақтың тұсаукесері жасалды

"Біз қазіргі кедейлік тауқыметі туралы және сол кедейлікті азайту бағытында БҰҰ тарапынан жасалып жатқан жұмыстар жайлы халық-бұқараның хабардарлық деңгейін арттыруды көздедік",- дейді БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары , әрі жобаның кеңесшілерінің бірі Сельвакумаран Рамачандран. Өткен жылы еліміз бойынша халықтың 24 проценті тақыр кедейлік ахуалында күн кешті , яғни, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 проценті шамасындағы кірісті медеу тұтты. Өткен жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейі 4761 теңгені құраған.

Жинақта 1990-2000-жылдар аралығындағы халықтың жұмыспен қамтылу, демографиялық даму, әлеуметтік инфрақұрылым, білім беру және экологиялық көрсеткіштер келтірілген. Жинақты құрастырушылардың пікірінше, бұл - еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жасауға мүмкіндік береді. Жинақ мемлекеттік қызметкерлер, статистикалық мекемелер қызметкерлері мен экономистерге арналған.