Екі мемлекет басшысының бетпе-бет жүздесуінен кейін келіссөздер кеңейтілген құрамда жалғасады. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылады.
Атап айтсақ, "Лаңкестік, есірткі және психотроптық заттар, олардың баламалары мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен, сондай-ақ, ұйымдасқан қылмыс түрлерімен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы" үкіметаралық келісімге, сондай-ақ, Ақтау және Поти айлақтары мен Астана және Тбилиси қалалары арасында бауырлстық байланыстар орнату туралы меморандумдарға қол қойылады деп межеленген.
Тараптар парламентаралық, мекемеаралық және аймақаралық байланыстар аясын кеңейту, лаңкестікпен күрес, транзиттік-транспорттық әлеуетті арттыру, көмірсутегі шикізатын тасымалдау, өнеркәсіп саласын дамыту және жаңалау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық орнатудың келешегі туралы талқылайды.
"Интерконтиненталь" қонақ үйінде екі елдің іскертоп өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізіледі. Грузия президенті Отан қорғаушылар ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары құрамымен жүздеседі.
31-наурызда кешкісін Қазақстан президентінің атынан Грузия мемлекет басшысының құрметіне ресми қонақасы беріледі.
1-сәуірде Грузия өкілдері Тбилисиге оралады.