энергия қуатының көзін қайта жаңғырту салаларында жұмыс атқаратын өкілдерге арналған Қазақстан-неміс энергетикалық форумы өткізіледі.
Бұл шараны ұйымдастырып отырғандар: "dena" Неміс энергетикалық агенттігі, Германияның экономика және энергетика федералдық министрлігі және Орта Азиядағы Германияның экономикалық өкілдігі.
Форум аясында Қазақстанда энергия қуатын тиімді колдану және индустриялық даму стратегиясы мен жүйені дамыту мәселелері жөніндегі бірігіп атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру мәселелері талқыланады. Сондай-ақ бизнестерін Қазақстанда жүргізуді жоспарлаған неміс кәсіпорындарының өкілдері энергия қуатын тиімді қолдану мен энергия қуатының көзін қайта жаңғырту салаларындағы жұмыс атқаратын қазақстандық мекемелердің арасынан қызығушылық танытқан серіктестерімен келіссөздер жүргізеді.
Форум жұмысына Йорг Хетч - Орта Азиядағы Германияның экономикалық өкілдігі, Ульрих Бентербуш - "dena" Неміс энергетикалық агенттігінің директоры, Гидо Херц - Қазақстандағы ГФР елшісі, Йорг Кирш - (BMWi) Германияның экономика және энергетика федералдық министрлігінің халықаралық энергетика жөніндегі саясат бөлімі басшысының орынбасары, Ульрих Бентербуш - Орта Азиядағы Германияның экономикалық өкілдігі директоры тәрізді шетел қонақтары қатысатвн болады.
Форум 14-15 шілде күндері Rixos President Astana қонақүйінде болады.