Кітапты дайындауға, сондай-ақ ТМД және алыс шет елдердің көрнекті ғалымдары мен қоғам қайраткерлері атсалысты. Олардың арасында философ және саясаткер, профессор Жоффруа-Ириекс Блеттон (Франция), Потсдам университетінің саяси докторы Маттиас Донфельдт (ГФР), Шығыс еуропалық зерттеулер орталығының директоры Андрей Окара (Укранина) және басқалар бар.
Басылымда ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету - тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы маңызды кезең болып табылатындығы атап өтілген. Сондай-ақ «Сенім. Дәстүр. Транспаренттік. Толеранттық» ұранын ұстану арқылы Қазақстанның Ұйымға төраға ретіндегі қызметі, Ванкуверден Владивостокқа дейінгі ұлан-ғайыр кеңістіктегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға Қазақстан Президентінің қосқан үлесі егжейлі-тегжейлі баяндалған. Жеке тарау - 11 жылғы үзілістен кейін Астанада өткелі отырған ЕҚЫҰ-ның Саммитіне арналған.
Оқырман назарына, сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекші шетелдік басылымдарға берген сұхбаттары, бірқатар шет ел мемлекеттері басшыларының, сыртқы істер министрлерінің, халықаралық ұйымдар басшыларының Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы жөнінде білдірген пікірлері ұсынылған.
Жоғары полиграфиялық деңгейінен мазмұны кем түспейтін кітапқа сонымен бірге, тарихи маңызы зор фотосуреттер де енгізілген.
«Алдағы күндері 60-қа жуық елдердің басшылары алғаш рет Еуразия кіндігінде басқосады. Мұнымен Қазақстан Еуразия құрылығының ортасында орналасқан жай ғана мемлекет емес екендігін, сонымен бірге еуразиялық және еуропалық кеңістіктегі саяси республика екендігін паш етіп отыр. Қазақстан - бұрынғы кеңестік елдер арасында астананы ауыстыру жобасын алғаш жүзеге асырды. Қазақстан - экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалардың кешенді жүйелерінің ауқымды бағдарламасын алғашқы болып жүзеге асырды. Сондай-ақ Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің бірегей құралы - Қазақстан халқы Ассамблеясын, Дәстүрлі және әлемдік діндер көшбасшыларының съезін алғашқы болып құрған және жаппай қырып-жоятын қаруды пайдалану мен оны өндіруден бас тартқан алғашқы мемлекет», - деді кітаптың тұсаукесерін өткізген ресейлік беделді ғалым, саясаткер Юрий Солозобов.
Ғалымның айтуынша, кітапты әзірлеуге бір жылдан астам уақыт жұмсалды. Оның тиражы - 2 мың дана.