Астанада Қазақстанның теннистен қысқы чемпионаты басталды

Қысқы чемпионатқа 14 жастан жоғары ерлер мен қыздар қатысады. Турнирдің бас төрешісі Антон Игнатченко. Жарыстар 26 ақпанға дейін Ұлттық теннис орталығында өтетін болады.

Турнирді ҚР Теннис федерациясы, Қазақстан теннис туры, ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт жөніндегі комитеті ұйымдастырып отыр.