Астанада Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді

Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 30-маусымда сарапшылар тобы, 31-маусымда Қырғызстан үкіметі өкілдерінің жетекшісі – бірінші вице-премьер Данияр Үсенов Астанаға аттанады.

Қырғызстандағы Қазақстан елшілігінің түсініктемесіне сәйкес, 1-2-шілдеде сарапшылар деңгейіндегі кездесу, ал 3-шілдеде үкіметаралық комиссияның отырысы өтеді.
Тараптар көлік, сауда, туризм, ауылшаруашылығы, су-энергетиалық ресурстарды пайдалану мен еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылайды. Отырысқа қатысушы жекелеген тұлғалар Ыстықкөлдің жағалауындағы төрт пансионаттың Қазақстанның меншігіне берілу мәселесін қарауды көздеп отыр.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, президент Құрманбек Бакиевтің Астанаға ресми сапары 5-6-шілдеге белгіленген.