Форум жұмысына экономиканың түрлі салаларының өкілдері, соның ішінде мұнайгаз, электр энергетикасы, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, телекоммуникация және өнеркәсіп саласының өкілдері қатысуда.
Форумда ҚР вице-премьері Ахметжан Есімов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері У И , сондай-ақ, Қытайдың коммерция жөніндегі вице-министрі Чжан Чжиган, ҚР индустрия және сауда министрінің орынбасары Болат Смағұлов сөз сөйлейді.
Форум қорытындысы бойынша Қазақстандық және Қытайлық кәсіпкерлер өзара келісім-шарттарына қол қояды деп күтілуде.
Форум аясында ҚР -ҚХР кәсіпкерлері кеңесінің екінші мәжілісі өтеді.
Кәсіпкерлер кеңесін құру туралы келісімге Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға сапары кезінде 2004-жылдың мамыр айында қол қойылған. Қазақстан жағынан "ҚазМұнайГаз" ҰК-ның президенті Ұзақбай Қарабалин, ал Қытай жағынан CNPC компаниясының бас директоры Чэнь Гэн кеңестің тең төрағасы болып табылады.