"Форумды ұйымдастырушылар - екі елдің сауда-өнеркәсіп палаталары болып табылады. Форумға ТМД елдерінің Сауда-өнеркәсіп палаталарының басшылары және ТМД Атқару комитетінің төрағасы - ұйымының атқарушы хатшысы Сергей Лебедев қатысады",- деді Е.Ашықбаев.
ҚР СІМ ресми өкілінің хабарлауынша, сондай-ақ, "19 маусымда Астанада БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы өкілдігі, ҚР президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі бас комиссарының аймақтық кеңсесі бірлесіп ұйымдастыратын халықаралық дөңгелек үстел өтеді".
"Шараның басты мақсаты мүгедектердің құқықтары жөніндегі БҰҰ Конвенциясы туралы ақпараттың таралымын өсіру және бұл Конвенцияға Қазақстанның қосылу мүмкіндіктерін талқылау болып табылады",- деді Е.Ашықбаев.