Астанада қазіргі заманғы бессайыс бойынша жүзуден Қазақстанның ашық біріншілігі басталды

Шараның ашылуы салтанатына Қазақстанның Қазіргі бессайыс федерациясының президенті, ҚР Әділет министрі Берік Имашев қатысты.

«Атап айтқанда, осы спорт түрін қайта дамыту бағытын алдық. Бұл спортта жетістікке жету үшін көп еңбек ету керек. Бүгінде осы спортты таңдап, жаңа белестерде көріне бастаған жас ұрпақ өсіп-өніп келе жатыр»,-деді федерация басшысы. Осы орайда ол ең бастысы, қазіргі кезде қазіргі бессайыс еліміздің бірқатар өңірлерінде қанат жайып, өркендеп отырғанын атап өтті.

Жүзуден өтіп жатқан бұл жарысқа 100-ден астам жасөпірім спортшы қатысуда. Олардың ішінде ең ересегі 1998 жылы туылғандар және одан төмен жастағы балалар өз санаттарында тартысқа түседі.