Астанада "Қазпошта" бөлімшесіне ішінде ұнтақ заты бар конверт келіп түсті, қазір зерттеу жүргізілуде

Мекеме ақпаратына сәйкес, Сарыарқа ауданында 30-мамырда 17 сағат 10 минутта ІІД-іне "Қазпошта" АҚ бөлімшесіне ішінде ұнтақ заты бар конверт келіп түскені туралы ақпарат жеткен. Хатты жіберушінің мекен-жайы көрсетілмеген. Ұнтақ затты қалалық санитарлық-эпидемилогиялық станция қызметкерлері тексеруге алды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті