Астанада қоғамдық көлiк мәселесiн шешу Нұралы Әлиевке тапсырылды


«Елордада кешкi уақыттарда қоғамдық көлiктердi сарыла күтуге мәжбүрмiз» деген шағымын жеткiзген тұрғындардың бiрi осы мәселенi шешудi сұраған болатын. Әдiлбек Жақсыбеков өз кезегiнде көлiктiк инфрақұрылым саласы күрделi мәселелердiң бiрi екендiгiн атап өттi.

«Бiз бұл мәселемен айналысып жатырмыз. Қоғамдық маршрутты тағы бiр мәрте түбегейлi қарап шығу керек. Олар Ақмола, Целиноград сұранысына сай жасалған болатын. Мен жас кезiмде осы маршруттармен қатынағам. Қазiр мегаполис өзгердi. Бiздiң мамандар айналысуда. Бұл мәселемен «Астана LRT» басшысы Талғат Ардан және менiң орынбасарым Нұрәлi Әлиев айналысады. Үлкен өзгерiстер жасауымыз тиiс», - дедi қала басшысы.