Астанада ҚР президентінің қатысуымен "Болашақ" бағдарламасының степендиаттар форумы басталды

Форумға "Болашақ" халықаралық бағдарламасының 50 стипендиаты және 350 түлегі қатысуда. Оның жұмысы аясында мемлекеттік басқару мен экономика, ғылым және медицина саласында табысты жұмыс істеп жүрген болашақ бағдарламасының түлектері және халықаралық университеттерінің профессорлары сөз сөйлейді деп күтілуде.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің таратқан ақпараты бойынша, формуның қорытындысында, "білім беру бағдарламасын толық іске асыру үшін кедергі болып тұрған мәселелер шешіліп, президенттік степендияның форматы кеңейтіліп, жаңа стратегиялық мақсаттар анықталатын болады".