Астанада ҚР Қарулы Күштері штаб бастықтары комитетінің төрағасы қайтыс болды

Алдын-ала мәлімет бойынша, М.Сапаров маусымның 18-інен 19-ына қараған түні өз үйінде жүрегі тоқтау салдарынан қайтыс болған. Өлімнің нақты себебі кейінірек белгілі болмақ.

Мәлік Сапаров 1958-жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматыдағы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, М.Фрунзе атындағы Әскери академияны және Ресей Қарулы күштері бас штабының Әскери академиясын бітірген.
1998-жылы ҚР Қарулы күштері жалпы мақсаттағы күштерінің штаб бастығы әрі қолбасшының орынбасары болып тағайындалды. Ал 1999-жылдан бері ҚР Қарулы Күштері бас штабы бастығының орынбасары, 2001-жылдан бері ҚР Қарулы Күштері бас штабының бастығы әрі ҚР қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болды.
2003-жылдың мамырында ҚР Қарулы Күштері штаб бастықтары комитетінің төрағасы болып тағайындалды.