Астанада ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери шет тілдер институтының филиалында лингвистикалық зертхананың ашылуы болды



"Қазіргі заманғы әскери білім беру саласын дамыту мен жетілдіре түсу біз үшін - айрықша маңызды проблема", - деді ҚР қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Болат Жаңасаев.

Зертхананың ашылу рәсіміне Үндістанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ашок Мукерджи мен Үндістанның әскери атташесі, полковник Суреш Бхаттачария қатысты.