Астанада ҚР судьяларының ІҮ сьезі басталды

Сьезге еліміздің бүкіл облыстарынан келген 200-дей судьялар, республикамыздың орталық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жетекшілері, заңгерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, алқалы жиында бұған дейінгі сьезде айқындалған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру жұмыстарының қорытындысы шығарылып, Қазақстандағы сот реформасының нәтижелері мен алдағы міндеттер талқыланады.
Сонымен бірге сьезде сот төрешілерінің қоғамдық бірлестіктерінің сот-құқықтық реформаны іске асырудағы және заңнамаларды жетілдірудегі ролі, сот этикасын сақтауға және сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алуға байланысты проблемалар қаралады деп межеленген. Сьезде сонымен қатар судьяларды кәсіптік дайындау, олардың әлеуметтік кепілдіктері мен материалдық-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері талқыланады.
Құрылтай қорытындысы бойынша резолюция қабылданады.