Астанада ҚР үкіметінің жаңа премьер -министрінің кандидатурасын талқылауға арналған парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, парламент палаталарының бірлескен отырысын өткізу туралы шешім ҚР үкімет басшысы Иманғали Тасмағамбетовтың Жер Кодексіне байланысты өзін қызметтен босату туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа өтініш білдіруіне байланысты қабылданған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев үкімет басшысының өтінішін қабыл алған.

Парламент палаталарының бірлескен отырысы одан әрі жалғасуда.