Астанада құқық қорғау органдары мен құрылымдық күштер арасында волейболдан чемпионат өтуде

Жарыс құқық қорғау органдары арасында салалық спартакиаданың 1-інші бағдарламасының аясында ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің бастамасымен өтеді.

Чемпионатқа ҚР ҰҚК (өткен жылғы жеңімпаздар), ҚР ІІМ, ҚР ТЖМ, ҚР ІІМ Ішкі әскерлер, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР Бас Прокуратурасы, ҚР Кеден қызметі, ҚР Қаржы полициясы, ҚР ҚАЖК, ҚР Республикалық Гвардия, ҚР ПКҚ және ҚР Қорғаныс министрлігінің құрама командалары қатысады.

Өздерінің ведомстволарының намысын қорғайтын мықты волейболистерді анықтау мақсатында барлық бөліністер өткізген жарыс республикалық турнирге жол салды.

Көптеген командалардың құрамында тәжірибелі спортшылармен қатар қызметтерін спортпен қатар алып жүрген жас ойыншылар да бар.

Судьялар бригадасы волейбол федерациясының ұлттық жоғары санаттағы судьяларынан жасақталған.

«Динамо» Орталық Кеңесі аталған Чемпионатты құқық қорғау органдары қызметкерлерінің дайындық деңгейін арттыру, жас және спортпен айналысатын қызметкерлерді анықтау және ерекше көніл бөлу, волейболды насихаттау және материалдық базасын дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізеді.

Жарыстың өткен үш күнінің қорытындысы бойынша ақтық ойындардың қатысушылары анықталды.

8 маусымда сағат 15.00-де Республикалық гвардия мен ҚР ҰҚК-нің Кеден қызметі арасында 3-ші орын үшін ойындар өтеді.

Сағат 16.30-да 1 орын үшін ақтық жарыс өтеді, онда Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің командалары кездеседі.